Университеттерді дәстүрлер құрайды

2017 жылдың 16 ақпан күні KAZGUU түлектері қауымдастығының Graduate School оқып жатқан докторантарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында «Тәлімгерлер клубы» жобасының іске қосылуы және PhD докторларын шығару дәстүрін бекіту секілді екі мәселе талқыланды.

«Тәлімгерлер клубы» жобасының көмегімен KAZGUU Graduate School КАЗГЮУ Университетінің түлектері мен докторанттарын біріктіруді, әлеуетті тәлімгер мен докторантқа бір-бірін табуға көмектесуді, үнемі дамытуды және өзара тиімді ынтымақтастықты құруды жоспарлайды.  Осы жоба еріктілердің бастамасымен пилоттық режимде іске қосылмақ. «Тәлімгерлер клубы» жобасы КАЗГЮУ Университетінің түлектері мен білім алушылары тарапынан қолдауға ие болатындығына және докторанттардың ғылыми жетістіктеріне оң әсерін тигізетіндігіне үміттенеміз.